Биылғы 5 ақпанда Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасында халықаралық музыкалық Voice Beyond Horizon жобасының ресми премьерасы өтеді. Бағдарламаның түсірілімі толық Қазақстанның туристік локацияларында өтті және 6 өңірді қамтыды.Жоба Димаш Құдайбергеннің бастамасымен қолға алынып, Hunan Broadcasting System медиахолдингімен бірге жүзеге асырылды. Voice Beyond Horizon әртүрлі елдердің өнерпаздарын біріктірумен қатар Қазақстанның табиғи әралуандығын және туристік әлеуетін миллиондаған көрерменге таныстырады. Түсірілімдер Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, Астана мен Алматы қал...